Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы
Қазақстан Республикасының инвестициялар және даму министрлігі
Сенім телефоны
+7 7172 754-547
Тегін қоңырау

You are here

КӨПЖАҚТЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

Еуразиялық Экономикалық Форум

2014 жылдың 5-6 ақпанында Стамбул қ. (Туркия Республикасы) 17-ші Еуразиялық Экономикалық Форум өтті. Министерстліктен іс-шараға ҚР көлік және коммуникация министрі А. Жұмағалиев қатысты. Министр «Дамуға арналған ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» сессиясында ссөз сөйледі, Туркияның көлік, теңіз істері және коммуникациялар министрі С.Х. Акамен азаматтық авиация және халықаралық автомобиль тасымалдары саласындағы ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін, сондай-ақ Монголияның көлік министрінің орынбасары Е. Хабшаймен көліктік логистика саласындағы мәселеерді талқылады.

Бүкіләлемдік банк

2014 жылдың 14 ақпанында Астана қ. А Жұмағалиевтің басшылығымен Бүкіләлемдік банк өкілдері Кордула Растога, Жак Бюре және Жан Франсуа Арви (Индонезия Республикасы Джакарта қ.) қатысуымен Министрлік басшылығының бейнеконференциясы өтті. Бейнеконференция барысында Бүкіләлемдік банк өкілдерімен 2013 жылға арналған бірлескен экономикалық зерттеулер бағдарламасы аясында өткізілген Қазақстан Республикасында логистика жүйесін жетілдіру және одан әрі дамыту жөніндегі зерттеулердің және Қазақстанның логистикалық жүйесін жақсарту жөніндегі іс-шаралар жоспарының қорытынды есебі ұсынылды.

2014 жылғы 6 мамырда Астана қ. Бүкіләлемдік банк өкілдері Кордула Растога мен Жан Франсуа Арвидің Қазақстан Республикасы Үкіметімен презентация мәселесін талқылау және Қазақстанның логистикалық жүйесін жақсарту жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту бойынша бейнеконференция өтті. Бейнеконференцияға Министрліктің жауапты хатшысы З.Сагинов қатысты. Конференция барысында Іс-шаралар жоспарын Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Логистикалық жүйені дамыту жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында бекіту туралы шешім қабылданды.

 

Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ)

2014 жылғы 21 мамырда Астана қ. ҚР көлік және коммуникация министрі Ж.Қасымбектің БҰҰ Бас Хатшысының орынбасары - онша дамымаған елдер, теңізге шығар жолы жоқ дамушы елдер және шағын аралдық мемлекеттер бойынша Жоғары өкіл Гьян Чандра Ачарья мырзамен кездесуі өтті. Кездесу барысында ачарья мырзаның IX-шы «ТрансЕуразия-2014» көліктік-транзиттік әлеуеті жөніндегі халықаралық конференцияға қатысуы талқыланды, онда БҰҰ өкілі спикер ретінде таныстырылған болатын. Тараптар 2003 жылы қабылданған Алматы әрекеттер бағдарламасының маңыздылығы туралы пікірлермен алмасты, сондай-ақ, БҰҰ қамқорлығымен көлік және транзит тасымалы саласындағы бұдан кейінгі ынтымақтастық туралы келісті.

 

VII-ші Астана экономикалық форумы және II-ші Дағдарысқа қарсы бүкіләлемдік конференция

2014 жылғы 22 мамырда Астана қ. VII-ші Астана экономикалық форумы және II-ші Дағдарысқа қарсы бүкіләлемдік конференция аясында ҚР Көлік және коммуникация министрлігімен «Жібек жолының мұрасы және оны жаңғырту» тақырыбындағы IX-шы «ТрансЕуразия-2014» көліктік-транзиттік әлеуеті жөніндегі халықаралық конференция өткізілді .

Қазақстан Республикасы үкіметінің 1997 жылғы 6 қазандағы № 1418 қаулысына сәйкес осы іс-шара 3 жылда бір рет өткізіледі.

Конференция ашылған кезде қатысушыларға Қазақстан Республикасы премьер-Министрінің Бірінші Орынбасары БіСағынтаев құттықтау сөздерін айтты. Еуразиялық экономикалық комиссияның Энергетика және инфрақұрылым жөніндегі алқа мүшесі (министр) Д.Ахметов, Бас Хатшысының орынбасары - онша дамымаған елдер, теңізге шығар жолы жоқ дамушы елдер және шағын аралдық мемлекеттер бойынша Жоғары өкіл Гьян Чандра Ачарья, сондай-ақ Эстония Республикасы Парламентінің Транзит және логистика комитетінің Төрағасы, ҚР –мен парламенттік қатынастар жөніндегі депутаттық топтың басшысы Д.Бородич баяндама жасады.

Министр Ж.Касымбек төрағалығымен өткен пленарлық сессияда Конференция қатысушылары Қазақстанның, Әзербайжанның, Қытайдың, Латвияның, Литваның, Ресейдің және Тәжікістанның көлік ведомстволары басшыларының, сондай-ақ, Түрік тілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің, Шанхай ынтымақтастық ұйымының, Экономикалық Ынтымақтастық Ұйымының, Темір жолдар ынтымақтастығы ұйымының және ТРАСЕКА Үкіметаралық комиссияның Тұрақты Секретариаты өкілдерінің баяндамалары тыңдалды. Делегация басшылары ұлттық көлік инфрақұрылымдарын дамытудың, тиімді транзитті тасымалдың жүйесі жұмысының және трансконтиненталды көлік дәліздерінің негізгі аспектілері туралы, сондай-ақ, осы бағыттағы түрлі көп жақты алаңшаларда бірлесіп күш салу туралы пікірлермен алмасты.

Мемлекетаралық ынтымақтастықты және бизнес-серіктестікті нығайту мәселелері бойынша пікірталастар «Еуразиялық транзит мүддесіндегі серіктестік: бизнесті дамытуға жаңа көзқарас» (модераторы – ҚР көлік және коммуникация вице-министрі А.Бектуров) және «Қара теңіз-қаспий транзиті: ТРАСЕКА аясындағы диалог» (модератор – ТРАСЕКА ҮАК-тың ҚР ұлттық хатшысы М. Садуов) тақырыптық сессияларда жалғастырылды. Сессияларда түрлі елдердің, соның ішінде Қазақстанның, Әзербайжанның, Қытайдың, Эстонияның, Грузияның, Литваның, Ресейдің және Түркияның мемлекеттік секторлары мен бизнес-қауымдастықтарының өкілдері сөз сөйледі.

Конференцияның қорытындылары бойынша қатысушылармен IX-шы «ТрансЕуразия-2014» көліктік-транзиттік әлеуеті жөніндегі халықаралық конференцияның Резолюциясы қабылданды.

© 2017

Қазақстан Республикасының инвестициялар және даму министрлігі

Сыртқы экономикалық ынтымақтастық департаменті