Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы
Қазақстан Республикасының инвестициялар және даму министрлігі
Сенім телефоны
+7 7172 754-547
Тегін қоңырау

You are here

Департамент туралы ереже

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің

Сыртқы экономикалық ынтымақтастық департаменті туралы

ереже

 

1. Жалпы ережелер

1. Сыртқы экономикалық ынтымақтастық департаменті (бұдан әрі – Департамент) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

2. Департамент өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының заңдары, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілері, өзге де нормативтік құқықтық актілермен, сондай-ақ осы Ережемен басқарылады.

3. Департаменттің құрылымы және штат саны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Министрліктің Жауапты хатшысымен бекітіледі.

4. Департамент:

1) Екі жақты ынтымақтастық басқармасынан;

2) Көп жақты ынтымақтастық басқармасынан;

3) Халықаралық шарттарды сүйемелдеу басқармасынан;

4) Хаттама басқармасынан тұрады.

 

2. Департаменттің негізгі мақсаттары, функциялары, құқықтары мен міндеттері

5. Мақсаты: Министрлік реттейтін салаларда екі жақты негізде сыртқы экономикалық ынтымақтастықты жүзеге асыру.

Функциялары:

1) Қазақстан Республикасының экономикалық мүдделері мен халықаралық міндеттемелерін ескере отырып, екі жақты ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын қалыптастыру;

2) Іскерлік топтармен ынтымақтастық мәселелерін және аса маңызды салалық мәселелерді санамағанда, Министрлікпен реттелетін екі саладан кем емес мәселелер бойынша уәкілетті органдармен, ұйымдармен және Қазақстан Республикасының шет мемлекеттердегі мекемелерімен өзара әрекеттесу;

3) Іскерлік топтармен ынтымақтастық мәселелерін және аса маңызды салалық мәселелерді санамағанда, Министрлікпен реттелетін екі саладан кем емес екі жақты ынтымақтастыққа қатысты мәселелер бойынша Қазаөстан Республикасының сыртқы саяси ведомствосы (бұдан әрі – ҚР СІМ) мен шетелдік мекемесімен, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының басқа да мемлекеттік органдары және ұйымдарымен өзара әрекеттесу;

4) Іскерлік топтармен ынтымақтастық мәселелерін және аса маңызды салалық мәселелерді санамағанда, Министрлікпен реттелетін екі саладан кем емес екі жақты ынтымақтастыққа қатысты мәселелер бойынша Министрлік басшылығының (Министр, Жауапты хатшы, Бірінші вице-министр, вице-министрлердің) қатысуымен халықаралық іс-шараларға анықтамалық-ақпараттық және талдамалық материалдарды дайындау;

5) Іскерлік топтармен ынтымақтастық мәселелерін және аса маңызды салалық мәселелерді санамағанда, Министрлікпен реттелетін екі саладан кем емес екі жақты ынтымақтастыққа қатысты мәселелер бойынша Министрлік басшылығының (Министр, Жауапты хатшы, Бірінші вице-министр, вице-министрлердің) қатысуымен Департаменті жауапты іс-шараны ұйымдастыру мен өткізуде ұйымдастырулық-хаттамалық түрде қамтамасыз ету;

6) Екі жақты негізде сыртқы саяси ынтымақтастық мәселелері бойынша  Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің қызметін үйлестіру;

7) Министрліктің екі жақты халықаралық шарт-құқықтық базасын іске асыру және дамыту бойынша Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің қызметін үйлестіру;

8) Құрылымдық бөлімшелерге бекітілген салалық кіші комиссияларды (кіші комитеттер, жұмыс топтар) жүргізуді санамағанда, Министрліккке бекітілген үкіметаралық комиссиялардың (комитеттер, кеңестер, үкіметаралық жұмыс топтар) қазақстандық бөлігін жүргізу;

9) Қазақстандық бөлігін жүргізу Қазақстан Республикасының басқа мемлекеттік органдарына бекітілген үкіметаралық комиссиялар шеңберінде Министрліктің жұмысын үйлестіру;

10) Іскерлік топтармен ынтымақтастық мәселелерін және аса маңызды салалық мәселелерді санамағанда, Министрлікпен реттелетін екі саладан кем емес екі жақты ынтымақтастыққа қатысты мәселелер бойынша екі жақты ынтымақтастықты жүзеге асыру үшін өз құзыреті шегінде қажетті нормативтік құқықтық актілердің жобаларын және шектемелік сипаттағы басқа да құжаттарды әзірлеу;

11) «ҚР-ға шетелдік инвестицияларын тартуға, мемлекеттік инвестициялық саясатты және инвестицияларды қолдау саясатын жүзеге асыруда, сондай-ақ халықаралық даму институттарымен, халықаралық ұйымдармен, шетелдік мемлекеттердің уәкілетті органдарымен ынтымақтастық шеңберінде қолайлы инвестициялық климат құруға ықпалдастық ету».

6. Министрлік реттейтін салаларда көп жақты негізде сыртқы экономикалық ынтымақтастықты жүзеге асыру.

5.2.1. Функциялары:

1) Қазақстан Республикасының экономикалық мүдделері мен халықаралық міндеттемелерін ескере отырып, көп жақты ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын қалыптастыру;

2) Іскерлік топтармен ынтымақтастық мәселелерін және аса маңызды салалық мәселелерді санамағанда, Министрлікпен реттелетін екі саладан кем емес мәселелер бойынша халықаралық, өңірлік және үкіметаралық ұйымдармен өзара әрекеттесу;

3) Іскерлік топтармен ынтымақтастық мәселелерін және аса маңызды салалық мәселелерді санамағанда, Министрлікпен реттелетін екі саладан кем емес екі жақты ынтымақтастыққа қатысты мәселелер бойынша Қазаөстан Республикасының сыртқы саяси ведомствосы мен шетелдік мекемесімен, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының басқа да мемлекеттік органдары және ұйымдарымен өзара әрекеттесу;

4) Іскерлік топтармен ынтымақтастық мәселелерін және аса маңызды салалық мәселелерді санамағанда, Министрлікпен реттелетін екі саладан кем емес көп жақты ынтымақтастыққа қатысты мәселелер бойынша Министрлік басшылығының (Министр, Жауапты хатшы, Бірінші вице-министр, вице-министрлердің) қатысуымен халықаралық іс-шараларға анықтамалық-ақпараттық және талдамалық материалдарды дайындау;

5) Іскерлік топтармен ынтымақтастық мәселелерін және аса маңызды салалық мәселелерді санамағанда, Министрлікпен реттелетін екі саладан кем емес көп жақты ынтымақтастыққа қатысты мәселелер бойынша Министрлік басшылығының (Министр, Жауапты хатшы, Бірінші вице-министр, вице-министрлердің) қатысуымен Департаменті жауапты іс-шараны ұйымдастыру мен өткізуде ұйымдастырулық-хаттамалық түрде қамтамасыз ету;

6) Көп жақты негізде сыртқы саяси ынтымақтастық мәселелері бойынша  Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің қызметін үйлестіру;

7) Министрліктің көп жақты халықаралық шарт-құқықтық базасын іске асыру және дамыту бойынша Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің қызметін үйлестіру.

8) Іскерлік топтармен ынтымақтастық мәселелерін және аса маңызды салалық мәселелерді санамағанда, Министрлікпен реттелетін екі саладан кем емес екі жақты ынтымақтастыққа қатысты мәселелер бойынша көп жақты ынтымақтастықты жүзеге асыру үшін өз құзыреті шегінде қажетті нормативтік құқықтық актілердің жобаларын және шектемелік сипаттағы басқа да құжаттарды әзірлеу.

7. Құқықтары мен міндеттері:

7.1. Департамент:

1) Министрлік басшылығының (Министр, Жауапты хатшы, Бірінші вице-министр, вице-министрлердің) тапсырмасы бойынша өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен ұйымдарында Министрлікке өкілдік етуге;

2) Министрлік басшылығының (Министр, Жауапты хатшы, Бірінші вице-министр, вице-министрлердің) тапсырмасы бойынша шет мемлекеттердің мемлекеттік органдары мен ұйымдарының, сондай-ақ халықаралық, өңірлік және үкіметаралық ұйымдардың өкілдерімен кездесулер мен келіссөздер өткізуге;

3) Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінен, оған бағынысты мекемелерден, салалық ұйымдардан және Қазақстан Республикасының басқа мемлекеттік органдарынан Департаментке жүктелген тапсырмаларды орындау үшін халықаралық іс-шаралар мен шетелдік іссапарлардың қорытындылары бойынша қорытынды және ұсыныстармен сыртқы экономикалық ынтымақтастық мәселелері, оның ішінде есептер мен хаттамалар және басқа да ақпараттар бойынша  қажетті сапалы ақпаратты сұратуға және алуға;

4) халықаралық сипаттағы нормативтік құқықтық актілер мен басқа құжаттардың жобаларын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес болмаған және/немесе сапасыз пысықталған жағдайда келісуден бас тартуға;

5) Министрліктің басшылығын (Министр, Жауапты хатшы, Бірінші вице-министр, Вице-министрлер) сыртқы экономикалық ынтымақтастық шеңберінде Министрліктің құрылымдық бөлімшелерімен ұстанымдар мен ақпараттарды уақытылы емес және сапасыз пысықтау фактілері орын алған жағдайда хабардар ету;

6) басқа мемлекеттік органдар, Министрліктің құрылымдық бөлімшелері мен ұйымдармен ұйымдастырылатын халықаралық іс-шараларға орнатылған тәртіппен қатысу;

7) ҚР СІМ-нің 005 «шетелдік іссапарлар» және 006 «өкілдік шығындар» бағдарламалары бойынша Министрліктің ақшалай қаражатын үйлестіруді және бөлуді жүзеге асыру;

8) нақты құрылымдық бөлімшеде аванстық есеп бойынша дебиторлық берешек болған жағдайда 005 «Шетелдік іссапарлар» бағдарламасы бойынша ақшалай қаражат бөлуге іссапарға жіберу туралы қызметтік жазбасын, сондай ақ, ҚР СІМ-ге хатты келісуде бас тарту;

9) нақты құрылымдық бөлімшеге қажетті құжаттаманы ұсыну бойынша толық емес құжаттаманы ұсынған және/немесе берешек болған жағдайда «Транспорт тауэр» ғимаратына шетелдік азаматтарды кіргізуге арыздарды келісуде бас тарту;

10) Министрлік басшылығының (Министр, Жауапты хатшы, Бірінші вице-министр, вице-министрлер) келісуімен Министрлік реттейтін салаларда Департаментке жүктелген тапсырмаларға сәйкес жүргізілетін халықаралық шарттарды ұйымдастыру мен өткізуге Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің және оған бағынысты ведомстволық ұйымдарының өкілдерін тартуға;

7.2. Департамент мынадай міндеттерді атқарады:

1) Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша халықаралық іс-шараларға Министрліктің басшылығына (Министрге, Жауапты хатшыға, Бірінші вице-министрге, вице-министрлерге) жоғары тұрған және басқа мемлекеттік органдар өткізетін жиналыстарға анықтамалық-ақпараттық және талдамалық материалдарды дайындауды жүзеге асырады;

2) Министрліктің басшылығының (Министрдің, Жауапты хатшының, Бірінші вице-министрдің, вице-министрлердің) Департаментпен ұйымдастырылатын халықаралық іс-шараларын қамтамасыз ету үшін өз құзыреті шегінде анықтамалық-ақпараттық және талдамалық материалдарды, соның ішінде бағдарламалар, тезистер және баяндамалар сұратуды, жинауды және дайындауды, сондай-ақ халықаралық іс-шаралар өткізу мен шетелдік делегаттарды қабылдау шеңберінде консулдық және өзге де ұйымдастыру-хаттамалық мәселелерді шешуді жүзеге асырады;

3) Департаментімен ұйымдастырылатын және өткізілетін іс–шараларға шетелге іссапарға жіберу, сондай-ақ, Министрлік басшылығының (Министр, Жауапты хатшы, Бірінші вице-министр, вице-министрлер) визалық рәсімдеуіне ҚР СІМ-де ақшалай қаражат алуды жүзеге асырады (құрылымдық бөлімшелермен өткізілетін іс-шаралар үшін рәсімдеуді жауапты құрылымдық бөлімшенің қызметкері жүзеге асырады);

4) Министрліктің Жауапты хатшысына тоқсан сайын құрылымдық бөлімшелердің берген есептері негізінде Министрлік қызметкерлерінің шетелдік іссапарлары туралы есепті тапсырады.

5) Департаменттің құзыретіне кіретін өзге де міндеттерді атқарады.

 

3. Департаменттің қызметін ұйымдастыру

8. Департаменттің заңнамалық актілерге, Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес оның негізгі міндеттері мен функцияларын іске асыру үшін қажетті өкілеттігі бар.

9. Департаментті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын директор басқарады.

10. Департамент директоры Департаменттің қызметіне жалпы басшылық етеді және Департаментке жүктелген міндеттерді орындауға және оның өз функцияларын жүзеге асыруға жеке жауапты болады.

11. Департамент директоры Министрліктің басшылығына Департаменттің құрылымы және штат кестесі бойынша ұсыныстар береді.

12. Директор осы мақсатта:

1) Департаменттің құрамына кіретін Басқармалар басшыларының, өзінің орынбасарларының міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;

2) Департаменттің құрамына кіретін  Басқармалар туралы ережелерді бекітеді;

3) Қазақстан Республикасының заңдарына және Президенті актілеріне сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

13. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Департамент директорының орынбасарлары бар.

14. Департамент директорының орынбасары:

1) өз өкілеттігі  шегінде Департаменттің қызметін үйлестіреді;

2) Департамент директоры болмаған кезеңде Департаменттің қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және Департаментке жүктелген міндеттерді орындауға және оның өз функцияларын жүзеге асыруға жеке жауапты болады;

3) Департамент директоры жүктеген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

15. Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Департаменттің атынан басқа құрылымдық бөлімшелерге жіберілетін құжаттарға Департамент директоры, ал болмаған жағдайда оның орнын алмастыратын адам қол қояды.

16. Департамент директоры, оның орынбасалары және Департаменттің басқарма басшылары сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет жасауға міндетті және Қазақстан Республикасының жемқорлыққа қарсы заңнамасын сақтауға дербес жауапты болады.

17. Департамент қызметкерлерінің құқықтары мен міндеттері белгіленген тәртіппен бекітілген лауазымдық нұсқаулықтарда белгіленеді.

________________________

 

Жарияланған: 09.07.2015
Жаңартылған: 25.01.2017
© 2017

Қазақстан Республикасының инвестициялар және даму министрлігі

Сыртқы экономикалық ынтымақтастық департаменті